Еліміздің әр өңірінен келген ерекше балалар Unique Fashion Show – Alpha Bala бірегей жобасына қатысып, подиумға шығуға мүмкіндік алды.
Елордада 7-ші рет ұйымдастырылып отырған кеш инклюзивті мәдениетті қолдауға және жасөспірімдердің өзіне деген сенімін арттыруға бағытталған. Жоба балалар сәні мен креативті индустрия саласында тең мүмкіндік қалыптастыруға септігін тигізіп отыр.
Биыл мұнда 3 пен 16 жас аралығындағы 200-ге жуық бала өнер көрсетті. Осы шоудың арқасында олар тек Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерге де шығып, түрлі іс-шараға қатысуға шақыртулар алады.
Гүлнұр Бөкен, ұйымдастырушы:
- Мүмкіндігі шектеулі балалар өздерін кез келген ортада жақсы сезінуі керек. Тек қана өз ортасында емес. Сол себепті осы ортаны үлкейтейік, мүмкіндіктер берейік деген мақсатпен жасалған жоба. Блогерлер: «Қазақстандықтар бұған дайын емес», - деп айтқан. Бірақ қазіргі кезде осы балалар дүниежүзі бойынша қыдырып жүр. Оларды шақыра бастады.