«Дарын» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

  • 8
  • 17.06.2026, 19:54

Талантты жастарды қолдауға бағытталған «Дарын» сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Байқау әдебиет, ғылым, журналистика, спорт, театр, кино және классикалық музыка секілді 10 номинация бойынша ұйымдастырылады. Оған халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары, ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметте жетістікке жеткен 35 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Жалпы осы уақытқа дейін 380-нен астам азамат «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанған. Өтінімдер 17-ші қыркүйекке дейін қабылданады. Жеңімпаздарды арнайы комиссия анықтайды. 

Біржан Әлімжанов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының м.а:

- Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия мөлшерін арттыру – елдің мәдени әлеуетін қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстың бірі. Жыл сайын аталған стипендияны 75 мәдениет қайраткері иеленеді. Осы ретте «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау жүріп жатқанын айтқым келеді. Құжаттарды 21 маусымға дейін тапсыруға болады. Конкурс туралы толық ақпарат, оның ішінде грантты тағайындау қағидалары мен қажетті құжаттар тізімі министрліктің ресми ақпараттық ресурстарында орналастырылған.