Елордада Астана күніне орай мерекелік іс-шаралар басталды

  • 52
  • 02.07.2026, 19:55

6 шілде – Астана күні. Мерекелік іс-шаралар басталып кетті.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акция аясындағы көрме, фестивальдер ұйымдастырылды. Енді «Байрағы биік байтағым» атты республикалық жыр мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталады. Жалпы қала тұрғындары мен қонақтары алдағы 4 күнде 200-ден астам мәдени-танымдық іс-шараны тамашалай алады. Мерекелік бағдарламадан өзге, бірқатар жаңа инфрақұрылым нысаны пайдалануға беріледі. Қаланың барлық ауданында 25 абаттандырылған аула мен қоғамдық кеңістік ашылады. Сонымен қатар индустриялық саябақта жаңа өндіріс орындарын іске қосу жоспарланып отыр.

Астана күніне орай халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілді. 4-шілде, яғни сенбіде кезекші орталықтарда азаматтарды қабылдау түске дейін жүргізіледі. Дайын құжаттарды сағат 13:00-ге дейін алуға болады. Ал мереке күні жұмыс істемейді.

7-ші шілдеден бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.