Семейде Абайдың тұмар домбырасы қойылған көрме ашылды

  • 37
  • 03.07.2026, 19:56

Шілденің алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. Осыған орай Семей қаласындағы Абай музейінде «Қазағымның үнісің сен, домбыра!» атты көрме ұйымдастырылған. Бір айға ұласатын іс-шараның мақсаты – домбыраның тарихи және рухани құндылығын дәріптеп, ұлттық мұраны кейінгі ұрпаққа насихаттау.

Көрмеге Абай Құнанбайұлының үш ішекті тұмар домбырасы, сондай-ақ Шәкір Әбенұлы, Ахат Шәкәрімұлы және өзге де өнер қайраткерлеріне тиесілі ұлттық аспаптар қойылған.

Ұлан Сағадиев, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының директоры:

- Бұл көрмеде ең бастысы – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының тұмар домбырасы қойылған. Ол кезінде 1885 жылы осы Қазақстан тарихында ашылған тұңғыш өлкетану музейіне Абай Құнанбайұлының өзі табыстаған жәдігерлерінің бірі және бірегейі.