Халықаралық ақпараттық телеарнаның 14 тілі болса, қазақ тілі Орталық Азияда алғашқы болып сол қатарға кіріп отыр.
Бірлескен жобаны Мәдениет және ақпарат министрінің бірінші орынбасары Қанат Ысқақов, Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давид және Euronews-тің Астанадағы бюро басшысы Боян Бркич таныстырды. Бастапқыда қазақ тіліндегі халықаралық жаңалықтар жұмыс күндері YouTube арнасында жарияланады. Кейін бірте-бірте телевизиялық және басқа да медиаплатформалардан көрсетіле бастайды.
Айта кетейік, Euronews халықаралық жаңалықтар контентінің 90%-ға жуығы қазақ тіліне бейімделеді. Оны дыбыстық сүйемелдеу, экрандық графика және эфирдің мәтіндік элементтері арқылы қамтамасыз етпек. Бүгінде медиа желі әлемінің 160-тан астам еліне тарайды.
Педро Варгас Давид, Euronews директорлар кеңесінің төрағасы:
- Euronews үшін қазақ тілінде жаңалық тарату – халықаралық желіні дамыту тұрғысынан негізгі тармақтардың бірі саналады. Біз байыпты түрде тіл қолданысын кеңейтіп, ауқымды аудитроияға сапалы дүние ұсынамыз. Қазақстан – біз үшін Орталық Азиядағы маңызды серіктесіміз. Сондықтан аталған жобаны қолдаған ел үкіметін жоғары бағалаймыз. Біздің қатынас одан әрі де қарқынды дамитынына сенімідімін.