Алматыда Kaspi.kz қолдауымен OYU Fest өтті

  • 12
  • 09.07.2026, 19:43

Алматыда заманауи қазақстандық музыка фестивалі – OYU Fest бесінші рет өтті. Дәстүрлі фестиваль биыл алғаш мәрте екі күнге созылып, келушілерге бұрынғыдан да ауқымды бағдарлама ұсынды. OYU Fest-тің бас серіктесі – Kaspi.kz үшінші жыл қатарынан музыкалық жобаға қолдау көрсетіп келеді. Ашық аспан астында жас орындаушылар мен қазақстандық эстраданың танымал жұлдыздары бір сахнада өнер көрсетті. Ал қонақтар үшін интер-активті алаңдар, түрлі байқаулар мен ұтыс ойындары ұйымдастырылды.

OYU Fest дәстүрлі түрде қала сыртында, ашық аспан астында өтеді. Көрермендердің бір бөлігі сахна маңынан орын алып жатқанда, енді бірі түрлі байқауларға қатысып, отандық брендтермен танысып, жүлделер үшін бақ сынады. Фестивальдегі ең көп жиналған орындардың бірі Kaspi Travel Қазақстан аймағы болды. Арнайы брендтік сыйлықтарға ие болу үшін қонақтар квестке қатысты. Фотодүңгіршекте суретке түсіп, Қазақстанның өңірлерін тапты, велосаяхатқа қатысып, GlamBot-та бейнежазбаға түсіп, түрлі тапсырмаларды орындап, белгі жинады. Ал басты жүлде ретінде Kaspi Travel Қазақстан бойынша ұсынған саяхат сертификаты табысталды.

- Көңіл күй керемет, Рақмет kaspi.kz осындай тосын сыйға. Мен үшін шыны керек күтпеген сыйлық болды. Осы конкурсқа қатысқаныма өте қөуаныштымын. Рақмет сіздерге. Бар болғаны өнерімді көрсеттім. Биледім.

- Қатты ұнады, конкурстары да күшті болды. Атмосфера да тіпті керемет болды. Рақмет сіздерге!

- Kaspi.kz үнемі қолданушыларын таңдандырудан жалықпайды. Бұл жолы да билет  алған кезде kaspi-ге кіргенде бірден қуандық. Себебі ақы төлеу үшін бір сайтқа тіркеліп, оны ашып, загрузка дейіміз ғой, соны күтіп отырған жоқпыз. Бірден төлене қалды. Бұл өте тиімді тәсіл.

OYU 2021 жылы Қазақстанның заманауи музыкасын зерттеуге арналған жоба ретінде дүниеге келген. Алғашқы күндерден-ақ жас музыканттардың танылуына мүмкіндік берген жоба бір жылдан соң ауқымды OYU Fest-ке ұласты. Екі күн бойы фестиваль сахнасында Ringo, M'Dee, Dequine, Yenlik, Sadraddin, Ayau, Orynkhan, Беркут пен Аиша өнер көрсетті. Ал фестивальдің екінші күнінің басты хедлайнері аңызға айналған әнші Роза Рымбаева болды.

Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртісі:

- Бүгінгі бағдарламаны жасап отырған азаматтарға үлкен рақмет! Себебі, жастарды жинап жатыр, жастардың бүгінгі музыкасын насихаттап жатыр. Жас талантты дарынды әншілерді, музыканттарды сахнаға шығып жатыр. Жастарды тәрбиелейік, жақсы музыкамен тәрбиелейік. Жастардікі болсын, үлкендердікі болсын, классика болсын жақсы музыкамен жастарды тәрбиелейік.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің басты мақсаты – қазақстандық музыканы дамытуға және жас таланттарды қолдауға үлес қосу. Көптеген өнерпаз үшін фестиваль сахнасы олардың шығармашылық жолындағы алғашқы үлкен концерт болды.

Алмаз Мержақыпов, Oyu Fest жүргізушісі:

- Жыл сайын жоғары деңгейде өтеді. Жыл сайын ұйымдастырушылар да үйренеді. Біз де үйренеміз дегендей. Мен өте қуаныштымын осындай қазақ өнерінің жанашырларының проектеріне қатысымның бар екендігі менің жүрегімді қатты жылытады

Aro, әнші:

- Кез келген өнер де, жалпы кез келген бастама болсын қолдауға әрдайым мұқтаж. Және де жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді ғой, сондықтан қазақылық танытып, жанымызда жүргендеріңізге үлкен алғыс білдіреміз. kaspi.kz жасай берсін.

OYU Fest заманауи мәдениет пен ұлттық болмысты тоғыстыратын ерекше алаң. Сондықтан фестиваль қонақтары қазақы ою-өрнекпен көмкерілген киімдер мен әшекейлерді, сондай-ақ отандық дизайнерлердің сән үлгілерін паш етті. Биыл фестивальге он екі мыңнан астам көрермен жиналды.

Авторлар: Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев.