Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңындағы Цитадель қорғанының шығыс жақ қабырғасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары қабырғада жарық пайда болып, сылағы түсе бастаған. Арнайы жүргізілген мониторинг барысында қорған іргесінің жыл сайын 10-15 сантиметрге отырғаны анықталған. Осыдан кейін, тарихи нысанды қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Ғылыми реставрацияның мақсаты - ескерткіштің бастапқы келбетін сақтап қалу.
Нұртулла Бекбергенов, «Қазқайтажаңарту» РМК филиалының директоры:
- Мәдениет және ақпарат министірлігімен бекітіліп, олармен белгіленіп отырған апаттық аймақ деп осы 40 метр жерді ағымдағы жылы жасап жатырмыз. Үлкен ауқымды жұмыс. Бүкіл 1500 куб топырағын, кесегін бәрін алып, іргетасын бетонмен құйып, қызыл кірпіштермен қалап, деңгейін қазіргі 6,5-7 метрге дейін жасайтын боламыз. Жоспарымыз бойынша осы ағымдағы жылдың қараша-желтоқсанында бітіреміз деп отырмыз.