Қазақстанның қоғамдық даму институты материалдық емес 10 түрлі жәдігерді Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымына ұсынғалы жатыр. Тізімде ауыз әдебиетінен бата, бесік жыры мен жарапазан, ұлттық ойындардан бәйге мен алтыбақан бар. Ал ұлттық киімдерден кимешек, шапан мен қамзол кию дәстүрі енгізілмек. Сонымен қатар жеті ата мен шежіре тарқату, құрақ құрау және сал-серілік дәріптеледі. Қазір халықаралық ұйымның талаптарына сәйкес құжаттар әзірленіп жатыр.