Алтын Орда қалаларының археологиясы көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің синтезін көрсетеді. Ал цифрлық технология сол дәуірдегі сәулет өнерін, мәдениетті, шаһардың инфрақұрылымын ғылыми негізде қайта қалпына келтіреді. Яғни үш өлшемді модельдеу, геоақпараттық жүйелер және фотограмметрия әдістері қолданылады. Ғалымдардың айтуынша, археологиялық мұраны оқып білуге цифрлық реконструкциялау, лазерлік сканерлеу және жасанды интеллект көп мүмкіндік береді. Қазір елімізде Алтын Орда тарихын зерттеу бағытында ауқымды жобалар қолға алынған. Осының бәрі ғылыми мектептің қалыптасуына негіз болады.
Әділхан Байбатша, геология және минерология ғылымдарының докторы:
-Цифрлық технология деген біздің өміріміздің барлық саласына қатысты нәрсе. Бұл Алтын Ордаға не береді дейсіз? Қазір Алтын Орда туралы мәліметтер көп жекелеген. Археологиялық мәліметтер, тарихи мәліметтер, жазбаша мәліметтер осының бәрін өңдесе бірден әлемге тарап кетеді. Ең бастысы сол. Цифрлық технологияны енгізу деген бұл тарихи деректерді өңдеуде жаңа күш береді таратуға осыны адамдардың санасына сіңіруде үлкен күш беретін нәрсе.