Қарағанды облысында Абай күніне орай жаңа кітапхана ашылды

  • 4
  • 10.08.2026, 19:58

Абай күніне орай Қарағанды облысында әдеби кештер, жыр бәйгесі, кітап көрмелері мен ұлы ақынның шығармашылығын дәріптеуге арналған кездесулер өтті. Мәдени-танымдық іс-шаралар облыс орталығындағы Абай ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды. Басты жаңалық - қаладағы Оңтүстік-Шығыс ауданда жаңа кітапхана ашылды. Мұнда соңғы жылдары тұрғын саны еселеп артқан. Екі жаңа мектеп пен балабақша салынған болатын. Енді руханият ордасы бой көтерді. Кітапхана Президент бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ашылды.

Жанас Құрмаш, оқушы:

- Осы кітапхана ашылғанына қуанышытымын, осы жерге күнде келіп оқимын. Мен әдебиеттер оқығым келеді, сосын ертегілер ұнайды маған қиял-ғажайып ертегілер.