Биыл 91 нәрестеге ұлы ойшыл Абайдың есімі берілді

  • 4
  • 10.08.2026, 19:59

Абайдың есімімен көшелер, мектептер, кітапханалар, театрлар, университеттер және басқа да мекемелер аталады. Абай мұрасы - тек өз дәуірінің ескерткіші емес, шынайы отаншылдықтың қайнар мұрасы. Сондықтан болар қазір Абай есімін иеленгендер қатары көбейіп келеді. Бүгінгі статистика деректеріне сүйенсек, ұлы ақынмен аттас 19 мыңға жуық адам тұрады. Оның басым бөлігі Астанада, Түркістан облысы мен Алматы қаласында. Халқымыз ұл балаға ғана емес, қыздарға да Абай есімін қоюды жөн санайды. Қазір еліміздегі 9 әйелдің есімі - Абай. Тек биылғы бірінші жартыжылдықта дүниеге келген 91 нәрестеге ұлы ойшылдың есімі берілген. Сондай-ақ 37 мың 850 адамның аты - Ибраһим. Жалпы Қазақстанда бір облыс, бір қала, үш аудан және 26 ауылдың атауы Абайдың құрметіне аталған.