Петропавл қаласында өзге ұлт өкілдері арасында «Абай – дана, Абай – дара» атты Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы өтті. Оған облыс бойынша 33 адам қатысып, ұлы ақынның шығармашылығын жатқа айтудан сынға түсті. «Мәдени шараның басты мақсаты – Абайдың мұрасын дәріптеп, қалақ әдебиетін кеңінен насихаттау болып табылады», - дейді ұйымдастырушылар. Қазылар алқасы қатысушыларды көркем оқу шеберлігіне, тіл тазалығы мен орындау ерекшелігіне қарай бағалады. Сайыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, дипломдармен марапатталды.
Александр Шелест, байқауға қатысушы:
-Мен Абай Құнанбаевтың жатқа 30 өлеңін білемін және бүгін «Қыс» өлеңін жатқа айтамын. Себебі осы өлеңі маған өте ұнайды. Барлық білуі керек осы өлеңдерді, әндерді білуі керек.