Жошы ұлысын зерттеу жаңа деңгейге көтеріледі

  • 10
  • 13.08.2026, 19:54

Бұл туралы Алматыда өткен «Жошы ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерттеудің перспективті бағыттары» тақырыбында өткен кеңейтілген отырыста айтылды. Әзірге алты негізгі бағытқа басымдық беріледі. Атап айтқанда, Жошы ұлысын зерттеу және ғылыми жұмыстарды үйлестіру жөніндегі республикалық жұмыс тобын құру қажет. Оған қоса тарихи мұраны цифрландыру және жасанды интеллект негізіндегі зерттеу инфрақұрылымын қалыптастыру керек. Ғылыми бағыттарды айқындап, бағдарлама әзірлеп алған жөн. Сонымен қатар Жошы ұлысын зерттеу жөніндегі кешенді жол картасын әзірлеу мен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мәселесі бар. Осының барлығы ғылыми зерттеулерді жүйелеуге, отандық және шетелдік ғалымдардың әлеуетін біріктіруге мүміндік береді.

Жеңісбек Төлен, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА білім және қоғамдық даму ғылымдар орталығының басшысы:

-Жошы ұлысын зерттеу мемлекеттік деңгейде стратегиялық маңызы бар жоба ретінде қарастырылуда. Оны президентіміз де атап өтті. Осы бағытта зерттеліп жатқан зерттеулер бар. Бірақ жекелеген ұйымдар мен институттар аясында ғана. Яғни ұлттық деңгейдегі ауқымды мемлекеттік деңгейдегі жүйелеп зерттеу қолға алынған жоқ әлі. Енді бұл шараның маңызы да сол . Жошы ұлысын мемлекеттік деңгейде ұлттық деңгейде зерттеуді үйлестіру.