Елордада қазан айының бірі күні жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдер фестивалі басталады. Халықаралық байқауға биыл әлемнің 125 елінен 8 мың 67 жұмыс түсті. Осылайша Астана қаласы ең ірі кино алаңына айналып отыр. Ұйымдастырушылар алғашында шараның мұндай ауқымды болатынын күтпеген. Ең көп жұмыс АҚШ-тан түскен. Қазақстан 829 жұмыспен өтінім саны бойынша екінші орында тұр. Одан кейін көп жұмыс ұсынғандар Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания елдері.
Байқауға жаңа технология арқылы кино саласын дамытып жүрген режиссер, digital-креатор мен IT-компаниялар қатысады. Фестивальдің жүлде қоры - 2 миллион доллар. Оның 1 миллион доллары əлеуеті жоғары AI-командаларға инвестиция ретінде қарастырылып отыр.
Алмас Жали, Astana Ai Film Festival тең құрылтайшысы:
- Қазіргі кезде біз жұмыстарды қарап жатырмыз. Америка, Қазақстан, Қытай және Кореяның жұмыстары өте тең деңгейде. Идея жағынан қазақстандық креаторлар да басқалардан кем түспейді екен. Сондықтан Қазақстаннан да 1-2 адам жеңеді деп үміттенеміз. Оны енді тек қазылар алқасы шешеді.