Sadraddin-нің Алматыдағы концертіне екі күнде 70 мың тыңдарман жиналды. Бұл отандық шоу-бизнестегі айтулы көрсеткіш. Концерттің басты серіктесі – Kaspi.kz. Мұндай ауқымды кешке өнерпаз екі жыл дайындалған. Сахнада жарық, ән мен би үйлесім тапты. Көрермен жоғары деңгейде ұйымдастырылған шоу-концертке куә болды.
Жас әншінің жеке концерті бұрын-сонды болмаған шоумен басталды. Sadraddin ғарышкер кейпінде жоғарыдан арқанмен сахнаға түсіп, көпті таңғалдырды. Мұндай ауқымды шараны ұйымдастыруға 2000-ға жуық адам атсалысты. Музыкалық жобаның басты серіктесі – Kaspi.kz концерттің жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетті.
Sadraddin, әнші:
- Екі күн концерт жасауға үлкен қолдау керек. Себебі оңай дүние емес. Тәжірибемде алғаш рет болғаннан кейін мен Kaspi.kz-ке үлкен алғысымды айтамын. Kaspi.kz-пен бірге жұмыс жасау үлкен мәртебе деп ойлаймын.
Концерт Маңғыстаудағы қайғылы жағдайға байланысты бір күн шегерілген еді. Кеш барысында Sadraddin «Ант» әнін орындап, қаза тапқан әскери қызметшілердің рухына тағзым етті.
Сахна толықтай заманауи техникалық құралдармен жабдықталды. Алып LED экран, кәсіби жарық пен от шашу концерттің сәнін келтірді. Сахнада көпшіліктің сүйікті әншісімен бірге отандық және шетелдік әншілер: BAKR, ANDRO, Ayau мен Maher Zain өнер көрсетті. Олармен бірге сүйікті әндерін шырқаған көпшілік ғажайып кештің куәсі болғанын айтады. Kaspi-мен коллаборация, жас әншіні ең технологиялық компанияның қолдауы да көпшілікті таңғалдырған.
Сауалнама:
- Kaspi-ге үлкен рахмет! Себебі Қазақстанда ең бірінші рет осындай үлкен жоба жасалып жатыр. Мынандай деңгейде болып жатқан бірінші концерт деп ойлаймын. Өте керемет, алғысымыз шексіз. Kaspi, алға!
- Садраддин менің ойымша, өте қатты дайындалған секілді. Екі күн бойы sold out жасап, концерт қоюы – өте үлкен деңгей. Сондықтан да осы Садраддинді қолдайық деп гүл шоқтарымен келген жайымыз бар енді.
- Kaspi қолдап, осындай таланттарды, «бұлақ көрсең көзін аш», - дейді. Бұл өте жөн екен, жақсы, керемет демалдық. Біз осы 2 сағат тікемізден тік тұрып көрдік қой. Арасында жастармен де билеп алдық
Алғашқы кешке билеттер бір аптаның ішінде сатылып кетті. Осыған орай көрерменнің сұрауымен концерт екінші күні де жалғасты.
Ернұр Рысбай, Абен Нарымбаев