Алматыда бестомдық «Жамбылтану» жинағы жарық көрді

  • 7
  • 06.10.2026, 18:43

Алматыда «Жамбылтану» бестомдық жинағының тұсауы кесілді. Ғылыми еңбек жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың мұрасын зерттеуге бағытталған бірнеше маңызды туындыны жинақтаған. Жаңа жинақ ақынның туғанына 180 жыл толуына орай өткен халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда таныстырылды. Іс-шара Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті.

Түркі елінен жиналған зерттеушілер «Жамбыл және қазіргі дәуірдің өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасап, пікірлерін ортаға салды. Ол – өзі өмір сүрген кезеңде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен, азаматтық жауапкершілікпен суреттейді.

Бауыржан Жақып, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы:

- Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл бабамыздың мерейтойына арнап «Қазақ әдебиеті» газетінің тұтас бір номерін шығардық. Басқа да шаруалар істеп жатырмыз. Осы кітапханаларда, мектептерде өтіп жатқан іс-шаралардың барлығына атсалысып жатырмыз. Мұндай шаралар халқымызға, жас ұрпаққа керек деп ойлаймын. 

Мейірім Көлбаева, филология ғылымдарының докторы / Қырғыз Республикасы:

- Жамбылдың мұрасын қырғыз оқымыстылары үш бағытта талдағанын көреміз. Бірінші публицистикалық тұрғыда. Әлемдік жазушы Шыңғыс Айтматов, Түгелбай Сыдықбеков сияқты тағы басқа Қырғыз Республикасының жазушыларының мақалалары, еңбектері бар. Одан бөлек білімін алатын болсақ, академик Ахматолла Амантаевичтің ең негізі мақалалары бар.