Елдегі музейлер қоры цифрландырылды

  • 3
  • 07.10.2026, 18:48

Енді әлемнің кез келген нүктесінен Қазақстан музейлерін онлайн аралауға болады. Бірыңғай «E-museum» порталы елдегі 285 мұражайды бір платформаға біріктірді. Ол тарихи жәдігерлерді цифрлық режимде сақтауға жол ашып отыр.

Қазір музейлер қорының 66 мың экспонаты электронды форматқа көшірілді. Соның 750-ден астамы 3D үлгісіне бейімделген. Бүгінде жәдігерлерді сипаттауға жасанды интеллект технологиясын енгізу қолға алынды. «Сандық жүйеге көшкен барлық ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді», - дейді мамандар.

Назгүл Қадірімбетова, ҚР Ұлттық музейі Мәдени мұраны ғылыми зерттеу институтының басшысы:

- Мемлекеттік каталог бөлімінде 66 мың жәдігердің сипаттамасы, тарихы, санаты, материалы секілді ақпарат берілген. Бұған қоса, «E-museum» веб-порталының интерфейсінде қолжетімділік мүмкіндігі өте зор. Инклюзивті навигация, дыбыстық сүйемелдеу, үлкен қаріп режимі енгізілген.