«Қазақтың жыр аққуы» Марфуға Айтхожа 90 жаста. Осыған орай Алматыда шығармашылық кеші өтті.
Ғұмырының 60 жылдан астамы поэзиямен өрілген Марфуға Ғалиқызы – өзіндік қолтаңбасы мен ерекше лирикалық үні бар ақын. Шығармалары нәзік сезім, терең толғаныс пен туған жерге шексіз сүйіспеншілікке толы. Тұңғыш «Балқұрақ» өлеңдер жинағы 1962 жылы шықты. «Дара тұлға», «Аңсау», «Аққу жүрек», «Шыңдағы жазу» сынды 40-тан астам кітабы оқырманға жақсы таныс. Өлеңдері басқа тілдерге аударылды. Ақынның өзі де әлем қаламгерлерінің туындыларын қазақ тіліне шебер тәржімалаған.
Марфуға Айтхожа, Қазақстанның Халық жазушысы:
– Бұл жасқа жетем деп ешқашан ойлаған емеспін. Осы уақытқа дейін қолымнан қалам түспей, менің үлкен бір бақытым – әлі жазып жүрмін. Бұл елімнің маған деген үлкен ілтипаты, тілегі шығар.
Ғалым Қалибекұлы, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары:
– Шын мәнісінде бұл кісі өте тағдырлы ақын. Қазақ жырындағы махаббат тақырыбын көп жырға қосқан ақын. Бұл кісі ән де шығарады. Қанша әндері бар.