Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Елордада Роза Мұқанованың спектакль-кітабы таныстырылды

  • 0
  • 06.11.2026, 18:33

Белгілі драматург Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасы араға 30 жыл салып, жаңа форматта оқырманға жол тартты.Астанада пьесаның қазақ және ағылшын тілдеріндегі «спектакль-кітап» нұсқасының тұсаукесері өтті.

Басылымның ерекшелігі – шығарма мәтіні көркем графикалық иллюстрациялармен толықтырылған. Семей ядролық полигонының зардабын Ләйлә тағдыры арқылы жеткізетін пьесада адамзатқа ортақ қасірет, өмірге құштарлық пен ұрпақ алдындағы жауапкершілік мәселелері қозғалды.

Айта кетерлігі, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында пьеса Біріккен Ұлттар Ұйымының алты ресми тіліне аударылды. Ал ағылшын тіліндегі нұсқасы Нобель сыйлығы музейінің қорына қойылған Қазақстанның 14 кітабының қатарына енді.