Онлайн билет сатып алған азаматтар арасында ашық шығармашылық байқау жалғасуда
Мәдени және спорттық шараларға онлайн жүйеде билет сатып алған азаматтар енді өздері барып көрген бағдарламалардың байқауына қатыса алады. Ашық шығармашылық байқауды «Тикетон» сервисі жалғастырады. Байқаудың басты шарты – мәдениет, өнер және спорттағы жеңімпаздарды анықтау. Театр, кино, балаларға арналған бағдарламалар мен бизнестік іс-шаралардың арасында үздіктер 25 аталым бойынша онлайн дауыс беру арқылы таңдалады.
Виктория Торгунакова, «Тикетон» сервисінің бас директоры:
- Балалардың шығармашылығына, театрдың дамуына, туризмнің өркендеуіне бағытталған жобалар көбіне тасада қалып жатады. Сондықтан ел назарын мейлінше осы салаларға аударуды мақсат еттік. Соңғы екі жылда ісіміз нәтижесін көрсетіп жатыр.
Танымал аталымдардардан басқа ұйымдастырушылар еліміздегі инновациялық-технологиялық қаланы таңдауды ұсынды.
Виктория Торгунакова, «Тикетон» сервисінің бас директоры:
- Біз билеттерін онлайн сатылымға шығаратын мәдени және спорттық нысандардың есебін жүргіземіз. Бұл шара еліміздегі барлық қаланы қамтиды. Сол арқылы олардың ақша айналымын ашық көруге болады. Жыл қорытындыларына қарап ең үздік 8 қаланы көрермен таңдауына қалдырамыз.
Сайттағы дауыс беру 1 наурызға дейін жалғасады. Ең белсенді қатысушыларға күн сайын сыйлық ұтып алуға мүмкіндік бар. Ал байқау жеңімпаздары 19 наурызда өтетін салтанатты кеште белгілі болады.
Авторлары: Алмас Садуақас, Гүлбану Жұмабай, Эдуард Кон