Рухия Байдүкен «Славян базары-2021» байқауында ел намысын қорғайды
Талай талантты жастың өнердегі жолын ашқан байқауға биыл 30 жыл. Бұл жолы Қазақстанның атынан Рухия Байдүкен қатысып жатыр. Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Эстрада және вокал» мамандығында оқитын оның дауысы төрт жарым октаваға жетеді. Ол – ел ішіндегі ән конкурстарының жүлдегері.
Айта өту керек, дәл осы өнер фестивалі талай қазақстандық өнерпаздарды әлем жұртына танытқан. Солардың ішінде шоғыры биігі, әрине, Димаш Құдайберген болатын. 2015 жылы осы байқауға қатысып, гран-при жеңіп алған Димаш биылғы байқауға да қатысады. Дегенмен ол бұл жолы қатысушылардың өнерін бағалайды, яғни қазылық етеді.
Байқаудың жеңімпаздары 19 шілдеде белгілі болады. Ал байқаудың ашылу салтанатын «Хабар» телеарнасынан 16 шілде күні сағат 23:15-те көріңіздер.