Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті
Ал қарындасы шексіз мейірімділігін еске алды. Бүгінгі шарада ұлт жанашырының іссапардағы фотосуреттері, өзі қолданған заттары мен құнды дүниелер салынған портфелі көпшілікке көрсетілді. Қарашаның ауыр хәлі туралы Шерхан атаның шерін елорда жастары шығармаларынан тарқатты. Жазушының өзі өлсе де, құнды хаты өлмейді. Бір кем дүние...
Қарлығаш Мұртаза, Шерхан Мұртазаның қарындасы:
- 80 жасына дейін ауылға келген кезде міндетті түрде атқа мініп, шығармаларындағы Ақсай мен Көксайды аралап келетін. Балаларды сұмдық жақсы көретін. Дастархандағы тәттілерді қалтасына салып алып, көшеге шығатын. Оны ауылдың балалары біледі. Ата шықты, ата шықты деп жүгіретін.