Хабар телеарнасы

«Қанаттылар» инклюзивті театры ерекше қойылым қойды

Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау күні қарсаңында, елордалық «Қанаттылар» инклюзивті театры «Үй таңдаған лақ» ертегісін сахналады. Ертегіде кербез де, жалқау лақтың бастан кешкен оқиғасы баяндалады. Қоюшы режиссер Бейбіт Құсанбаевтың бұл туындысы ым-ишара тілінде болуымен ерекше. Ал ертегіні сомдаған әртістердің 90% көру мен есту қабілеті нашар, мүгедектігі бар жандар. 

Арнұр Ысқақ, «Қанаттылар» инклюзивті театрының жетекшісі:
-«Балаларға өтті», — деп хабарлап айтып жатыр. Біз өте қуаныштымыз. Өздері актер бола тұра, өздерінің өсіп келе жатқан тағдырлас бауырларына осындай үлкен қойылымды жеткізіп жатқанына. Сондықтан бұл қойылымның посылы — достықты бағалау, қандай үйің болса да шүкір ету.