Халықаралық фестивальде «Айбынды аула» анимациялық фильмі гран-при иеленді
Түркістанда өткен Халықаралық фестивальде отандық «Айбынды аула» анимациялық фильмі гран-приге лайық деп танылды. Облыстың 5 жылдығына орай ұйымдастырылған «Алтын сақа» фестиваліне алыс-жақын шетелден 70-ке жуық туынды ұсынылған. Олардың қатарында Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан елдерінің өнімдері бар. Ұйымдастыру алқасының шешімімен 30 анимациялық фильм іріктеп алынған. Жүлделі бірінші орын «Бақашабақ» анимациялық фильмінің режиссері Қуаныш Нағыз бен түрік режиссері Али Қаражамға бұйырды. Ал ІІ орынды Өзбекстаннан келген режиссер Жавлон Турдиходжаев пен отандық режиссер Аманғали Ерман өзара бөлісті. ІІІ орынды әзербайжандық режиссер Жейхун Турксой мен Арнұр Тұрлықожа иеленді.
Қуаныш Нағыз, І орын иегері:
- Еңбекті бағалап, бірінші орын беріп тұрғанына көп рақмет айтамын. Балаларға сапалы контент, сапалы фильм көрсетіп, насихаттап, бүгінгі мерекелік тойға келіп тұрғаныма өз басым қатты қуанымын. Осы фестиваль тағы жалғасын таба берсін.
Батырхан Дәуренбеков, қазылар алқасының төрағасы:
- Түркі одақтарынан түрлі жұмыстар келіп түсті. Оларадың барлығы «Оңтүстік» фильм арқылы насихатталады. Ауылдық, аудандықдық жерлерге көрсетіледі. Іріктелген жұмыстардың ең мықтыларының арасынан біз таңдап алдық. Әділ қазылар шешім шығарған кезде қатты қиналды. Бірақ бірауыздан бірдей шешімге келіп, әділ бөле білдік.