Хабар телеарнасы

Көкше өңірінде мәдениет қызметкерлерінің күні салтанатпен аталып өтті

Асыл өнердің алтын бесігі саналатын Көкше өңірінде мәдениет қызметкерлерінің күні аса бір салтанатпен аталып өтті. Жиналған қауым назарына белгілі тұлғалардың домбыра топтамасы мен суретшілердің туындылары ұсынылды. Ақмола облысында Біржан сал мен Ақан серінің ізін жалғап, ел өнерін алға сүйреген таланаттар аз емес. Солардың бірқатары медальмен, алғыс хаттармен марапатталды. Өңірлік мәдениет саласында үш мыңнан астам адам жұмыс істейді. Алдағы жылдары облыста бірнеше жаңа мәдени нысан бой көтереді. 

Айгүл Сәбитова, облыстық Мәдениет басқармасының басшысы:
-Облыста тоғыз мәдени нысан салу жоспарланып отыр. Одан бөлек алпыстан астам ғимарат күрделі жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ Астананы агломерациялау бағдарламасы бойынша 12 мәдени нысан құрылысы басталмақ. Бұл біз үшін жауапты іс, үлкен міндет.