Хабар телеарнасы

Алматылық жас скрипкашы халықаралық камералық музыка байқауына қатысады

Республикалық жас орындаушылар конкурсының жеңімпазы Олег Ярмолович 18 қараша Астанада өтетін халықаралық камералық музыка байқауына қатысады. Вячеслав Өзбеков атындағы конкурста бәсеке жоғары. Алматы атынан сынға түсетін Олег сол сында топ жарсам дейді. 17 жастағы скрипкашы камералық триода өнер көрсетеді. Жас күнінен скрипкаға әуестенген ол музыкалық қабілетін арттырып, шеберлігін шыңдап келеді. Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінде оқиды. Бұған дейін де бірнеше республикалық өнер байқауына қатысып, жеңімпаз атанды.

Олег Ярмолович, Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінің оқушысы: 
-Халықаралық аренаға шығып, танымал музыкант болуды армандайдым. Алда жоспар көп. Мақсатым шебер орындаушы, кәсіби музыкант болу.