Хабар телеарнасы

«Декретке миллионмен» шыққандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

«Декретке миллионмен» шыққандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, былтыр 1 миллион 400 мың әйелге 958 миллиард теңге төленді. Алайда 113 келіншек табысын жасанды түрде көбейтіп, жоғары мөлшерде төлем алу үшін түрлі заңсыздықтарға барған. Нәтижесінде олар 158 миллион 400 мың теңгені заңсыз жолмен алған. Ал соңғы жарты жылда 1,5 мыңға жуық адам табысын жасанды түрде көбейткенін мойындап, мемлекетке 3,4 миллиард теңгені қайтарған.