Дөң тау-кен байыту комбинатында төрт адамды күйік шалды

  • 1078
  • 28.02.2025, 18:34

Ақтөбе облысы Хромтау қаласы маңындағы шахтада төтенше жағдай болып, 4 кенші зардап шекті.

«ҚазХром» акционерлік қоғамына тиесілі Дөң тау-кен байыту комбинатында бұрғылау кезінде сутегі шашылған. Салдарынан 4 жұмысшыны күйік шалды. Бұл оқиғаға қатысты тау-кен немесе құрылыс кезінде қауіпсіздік ережесін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүріп жатыр. 

Людмила Волненко, Хромтау аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары: 

- Оқиға орнынан 4 жұмысшы аудандық ауруханаға жеткізілді. Екі адам травмотология бөліміне жатқызылды. Бір жұмысшыны үйіне қайтардық. Тағы бір зардап шеккен адам реанимация бөлімінде ауыр халде жатыр. Барлығына да тиісті медициналық көмек көрсетіледі.