Алматы әуежайында ер адам қызметкерді кепілге алды

  • 1189
  • 07.03.2025, 18:41

Алматы әуежайында 67 жастағы ер адам құжатын көрсетуді сұраған авиациялық қауіпсіздік қызметкерлеріне пышақ ала жүгіріп, қызметкердің шашынан тартып, бір қызды кепілге алған.

Алматы халықаралық әуежайының мәліметінше, оқиға 11:45-те болған. 7 минуттан кейін жолаушылар мен әуежай қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір жауапты орган бұл іспен айналып жатыр. 

Мұса Әбдірайым, Алматы қаласының тұрғыны:

- Қыз баласының алдында өзімнің парызым деп есептедім. Қыз баланың шырылдаған дауысын естігенде қызды шетке шығару мақсат болды. Басқа ешқандай ой болған жоқ. 

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеті жүргізіліп жатыр. Уақытша ұстау изоляторында қылмысы әшкереленді. Қалған ақпаратты ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 231- баптарына сәйкес, ақпарат берілмейді.