Жетісуда департамент басшысы электр қуаты тарифін көтеру үшін пара алған

  • 393
  • 12.03.2025, 18:30

Жетісу облысында табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының жымысқы әрекеті әшкере болды. Ол 2025 жылға арналған электр энергиясының тарифі мен тарифтік негіздемені көтеру үшін «Талдықорған акционерлік көлік-электр желілері компаниясының» басшысынан 500 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу жалғасып жатыр.

Данияр Бигайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің, оның ішінде жоғары лауазымды адамдар арасында жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.