Хабар телеарнасы

Сот Перизат Қайраттың Biz birgemiz Qazaqstan қоғамдық бірлестігін таратты

Жоғарғы Сот Перизат Қайраттың Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық бірлестігін таратты.

Қылмыстық істі тергеу барысында қолжазба сараптамасы жүргізілді. Оған сәйкес, жалған 9 құрылтайшының атынан құжаттағы қолтаңбаны Перизат Қайрат өзі қойған. Бірлестік құру кезінде анықталған сәйкессіздікті ескере отырып, сот ұйымды таратты.

Еске сала кетейік, Biz Birgemiz қорының басшысы Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді.