Хабар

Жыл басынан бері тұрғын үй өртінен 52 адам қаза тапқан

Тілсіз жаудан абай болыңыз! Жыл басынан бері тұрғын үй секторында 1138 өрт шығып, 52 адам қаза тапқан. Оның алтауы бала. Ал жылыту маусымы басталғалы бері, яғни 1-ші қазаннан тұрғын үйлерде 3 мыңнан астам өрт тіркелген. Салдарынан 160 адамды күйік шалып, көз жұмған. Оқыс оқиғалардың дені электр құралдарының қысқа тұйықталуынан болған.

Газдан уланғандар саны да аз емес. Соңғы үш айда қатты отынмен жанатын пештерді дұрыс қолданбау салдарынан 12 адам уланып қайтыс болған. Сондықтан Төтенше жағдай министрлік өкілдері қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. 

Ерлан Төрегелдиев, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- Газ баллондары мен жанғыш материалдарды жылыту құралдарына жақын қоймаңыздар. Пешті қатты қыздырмай, мұржаларды жиі тазалаңыздар. Кішкентай балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер. Электр құралдарының жарамды болуын қадағалаңыздар. Бір мезгілде жоғары қуатты бірнеше құралды қоспаңыздар. Осы қарапайым ережелерді сақтау халықты қайғылы жағдайдан сақтайды.