Теміртауда зейнеткерді соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды

  • 146
  • 31.03.2025, 18:35

Теміртау қаласында зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды. Олар өздерін электрик маманы ретінде таныстырып, жалғызілікті қарияның пәтеріне алаяқтық жолмен кірген. Ұсталған бес күдіктінің төртеуі кәмелет жасына толмаған. Олар 67 жастағы зейнеткерді аяусыз соққыға жығып, оны бейнежазбаға түсіріп алған. Жасөспірімдердің бұл қылығы үшін олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылады.

Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы: 

- Барлық кінәлі тұлғалар, соның ішінде кәмелетке толмағандар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмағандардың заңды тұлғалары бала тәрбиесіне қарамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Жасөспірімдер есепке алынды. Қылмысты тергеу ПД басшылығының қатаң бақылауында.