Маңғыстау облысында 100-ден астам мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

  • 149
  • 31.03.2025, 18:40

Маңғыстау облысындағы мектеп-колледжде жалған дипломмен жұмыс істеген жүзден астам мұғалім қызметтен қуылды.

Сондай-ақ Бейнеу ауданында 7 логопед-дефектологтың кәсіптік қайта даярлықтан өткені анықталып, оларға айыппұл салынды. Жалпы 2022 жылдан бастап өңірдің білім беру саласын тексеру кезінде прокуратура 300-ден астам адамды тәртіптік, тағы 500-ден астам маманды әкімшілік жауапқа тартқан.  

Мерген Меңдіғалиев, облыстық прокуратураның басқарма бастығы:

- Сонымен қатар 200-ден астам педагогтың біліктілік курстарынан уақтылы өтпегені туралы фактілер бар. Олар бойынша да прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. Жалпы білім саласында өткен жылы 20-дан астам қылмыстық іс тіркелді.