Салдарынан Астрахан ауданына қарасты 6 ауылдың жолын су шайып, елді мекендер жарықсыз қалды.
Қазір құтқарушылар ауыл тұрғындарына қажетті заттарды қайықпен жеткізіп жатыр. Әсіресе ауызсу мен жанар-жағармайға сұраныс жоғары,-дейді мамандар. Өйткені жергілікті халық электр генераторларын қолдануға мәжбүр.
Қауіпті учаскелерде кезекшілік ұйымдастырылған. Ал өзге аудандарда жағдай қалыпты. Жалпы өңірде су тасқынының алдын алуға 150-ден астам техника мен 400-ге жуық адам жұмылдырылған.