Ұлытауда кенді заңсыз өндірген кәсіпкер сотталды

  • 37
  • 07.04.2025, 18:37

Жергілікті тұрғын 2020-2023 жылдар аралығында «Шығыс Қаражал» карьерінен марганец рудасын өндірген. Алайда бұл кәсіппен айналысу үшін лицензия не жер қойнауын пайдалану келісімшарты болмаған. Тергеу құжаттарына сәйкес алынған кеннің көлемі 16 мың тоннадан, ал мемлекетке келген шығын 1 миллиард теңгеден асқан.

Күдікті заңсыз әрекетін жасыру үшін тауарды өзіне бағынышты компания арқылы сатыпты. Өңделген темір-марганец рудасын елімізде және Ресей Федерациясында саудаланған. Сол арқылы 3,5 миллиард теңге табыс тауыпты. 

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ оның 97,8 миллион теңгеге бағаланған мүлкі, соның ішінде 5 автокөлік пен ауыл шаруашылығы қожалығы тәркіленді.