Шымкентте кене шаққан 12 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Зардап шеккендерге екпе жасалып, бақылауға алынды. Тексеру барысында олардан қауіпті ауру белгілері анықталмаған. Дегенмен Конго-Қырым қанды қызбасы таралу қаупі жоғары аудандар залалсыздандырылады.
Мамыр айының соңына дейін 3 миллион шаршы метр аумақта зиянкестерді улау жұмыстары жүргізілмек. Жаппай дәрілеудің екінші кезеңі тамызда басталады.
Айгүл Тұрымбетова, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- 1720 кенені жинап, осы күнге дейін 145-інің арасынан иксод кенесі анықталып, оны зерттегенде 10 кенеден Конго-Қырым қанды вирустары бар екені анықталды. Яғни табиғи ошағы бізде екенін тағы бір көрсетіп отыр.