Сергеев қоймасындағы су деңгейі төмендей бастады

  • 28
  • 07.04.2025, 18:35

Еліміздің солтүстігінде Сергеев қоймасындағы су деңгейі төмендей бастады.

Соңғы мәлімет бойынша бөгет үстімен Есілге құйып жатқан ағыстың биіктігі 168 сантиметр болған. Өзен арнасы Новоникольск, Пакровка ауылдарының маңында көтерілген. Ернеуінен асып, Петропавлдың шетінде саяжай учаскілері мен айналма жолды су басты. Бұл туралы тұрғындарға алдын ала хабар берілген. Қазір қауіпті аумақтағы тұрғын үйлерді полиция қызметкерлері күзетіп жатыр.  

Владимир Хутинаев, ТЖД басқарма бастығы:

- Ғабит Мүсірепов ауданында Есіл өзенінің деңгейі төмендей бастады. Бірақ 3-4 күннің ішінде Ақмола облысынан келіп құятын судан қайта көтерілуі мүмкін. Дегенмен ол елді мекендерге айтарлықтай қауіп төндірмейді.