Алматы әкімінің орынбасары бизнесті заңсыз тексергені үшін жауапкершілікке тартылды

  • 312
  • 08.04.2025, 18:53

Алматы қаласы әкімінің орынбасары бизнеске заңсыз тексерулер жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылды. Түрксіб ауданының прокуратурасы аудандық әкімдіктердің қызметкерлері өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, кәсіпкерлерден құжаттарды негізсіз талап еткенін хабарлады. Прокуратура мәліметінше, олар бұл әрекеттерді қала әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша жасаған. Заңбұзушылықтар бойынша аудандық әкімдіктердің алты лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды. Ал кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін қала әкімінің орынбасарына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бұл шамамен 400 мың теңге.