Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін аяусыз өлтірген ер адам сотталды

  • 258
  • 10.04.2025, 18:38

Алматыда мас күйінде көлік тізгіндеп, тұрғын үй кешенінің күзетшісін әдейі бірнеше рет қағып, артынша ұрып өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты.

Оған «асқан қатыгездікпен кісі өлтіру» және «жеке өмірге қол сұғу» баптарымен айып тағылған. Сот оны кінәлі деп тауып, 22 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ ол марқұмның отбасына 24 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Сот жабық режимде өтті.

Еске сала кетейік, оқиға былтыр наурыз айында болған еді. Элиталық тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшіні бірнеше рет көлігімен қағып, оны ұрып-соққан. Ауыр жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды.