«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс-директоры сотталды
«Қазақ газ өңдеу зауытының» бұрынғы басшысы Болат Байшуақов 4 жылға сотталды. Сондай-ақ Жаңаөзен аудандық соты оны өмір бойы мемлекеттік және квазимемлекеттік салада жұмыс істеу құқығынан айырды.
Күдіктіге жеке бас пайдасы үшін зауыт мүлкін аукцион өткізбестен заңсыз сатып, сол арқылы ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Данияр Бекайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
- Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.