«Астрахан-Маңғышлақ» су құбырын қайта құру кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

  • 160
  • 14.04.2025, 18:32

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары «Астрахан-Маңғышлақ» су құбырын қайта жаңғырту жобасы аясында 6 миллиард 400 миллион теңге көлемінде мемлекет қаржысын жымқыру дерегіне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Ресми дерек бойынша қаражат «КазТрансОйл» акционерлік қоғамының еншілес компаниясы — «Магистральдық Суағызғысы» квазимемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы басшысы мен оның орынбасары, сондай-ақ мердігер ұйым мен жобалаушы компания өкілдерінің қатысуымен жымқырылған. Күдіктілердің жалпы құны 1 млрд 100 миллион теңге болатын мүлкі анықталып, сот санкциясымен тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жіберіледі.