Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оған 3 жылға дейін педагог қызметімен айналысуға тыйым салып, 80 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы жаза кесті және моральдық зиян үшін 200 мың теңге өндірілді.
Қатыгез тәрбиеші сурет сабағында акварель бояуын аузына салған бүлдіршінді бірнеше рет ұрып, желкелеп итеріп жіберген. Сот отырысында күдікті өзіне тағылған айыпты мойындамады. Алайда оның кінәсі бейнебақылау камераларына жазылған видеомен дәлелденді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.