Ұлытау облысында киіктер аштықтан қырылған

  • 179
  • 14.04.2025, 18:48

Ұлытау даласында киіктер аштықтан қырылған. Өлекселерден сынама алған зоология институтының мамандары осындай ұйғарым жасады. Зерттеу нәтижесі ақбөкендердің әбден әлсіреп өлгенін көрсеткен.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының айтуынша, бұл табиғи құбылыс. Қырылған киік өлекселерін жинау жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 16 мыңнан астам ақбөкеннің өлексесі жойылған.

Закария Тұралиев, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:

- Зоология институтының қорытындысы бойынша ешқандай инфекциялық ауруға нәтиже жоқ. Тек осы қыс мезгілінде қардың қалыңдығынан, «подножный корм» дейді ғой, соған жағдай болмаған соң әлсіреп, табиғи жолмен өлген.