Абай облысы Приречный ауылындағы өрт толық оқшауланды

  • 52
  • 15.04.2025, 18:32

Эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралды. 

Қызыл жалын 1 гектар аумақты шарпыған. Өрт салдарынан 100 шаршы метр 2 қора мен 43 тонна шөп жанып кеткен. Бір тұрғын үйдің шатыры отқа оранған. «Приречный агрофирмасының басшылығы келтірілген шығынды толықтай өтеп береміз деп отыр. 

Еске салайық, өткен жұмада Приречное ауылында күнбағыс қабығы сақталған алқапта өрт шықты. Қызыл жалынды сөндіруге 111-ден астам адам мен 33 техника жұмылдырылған.