Экс-шенеунік 1,5 млрд теңге көлемінде субсидия жымқырды деген күдікпен ұсталды

  • 49
  • 15.04.2025, 18:37

Бұрынғы шенеунік 1,5 млрд теңге көлемінде субсидия жымқырды деген күдікпен ұсталды.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Бюджет қаражатын жымқырып, оларды одан әрі жылыстатты деп күдіктенген мәслихаттың бұрынғы депутаты Б.Қ. Әбішевке және басқа да адамдарға қатысты тергеу ісінде жаңа фактілер анықталды. 

Тергеу нәтижесінде бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры Б.С.Аимбетовтың 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алу кезінде алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды.

Данияр Бигайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Тергеу деректеріне сай Айымбетов және Әбішев 29 ауылшаруашылық кооперативінің электрондық цифрлық қолданбаларын пайдаланып, элиталық малина көшеттерінің жалған жеткізілуі туралы құжаттарды қолдана отырып, жалпы сомасы 1,5 млрд теңге болатын субсидияларды алған. Тергеу соты Аймбетовке қатысты 2 айға қамауда ұстау шарасын санкциялады. Тергеу жалғасуда.