Абай облысында 3 адам өзенге ағып кетті

  • 137
  • 16.04.2025, 18:30

Абай облысында оқыс оқиға. Аягөз ауданындағы Ақшәулі ауылында 3 адам өзенге ағып кетті.

Куәгерлердің айтуынша, олар елді мекен іргесіндегі Көк-Кәмір қыстағына мал іздеп шыққан. Қыстау жанындағы өзеннен аспалы көпір арқылы өтпек болғанда өткел опырылып кеткен.

Оқиға 15 сәуір түс кезінде болған. Құтқарушылар екі адамның мәйітін тапты. Сүңгуірлер тағы бір адамды іздестіріп жатыр.