Шерзат Полат ісі: басты сот талқылауы жалғасып жатыр

  • 144
  • 17.04.2025, 18:35

Талдықорғанда Шерзат Полаттың қазасына қатысты басты сот талқылауы өтіп жатыр. Түске дейінгі болған сот процесінде не айтылды? Қандай мәлімет келтірілді? 

Шыңғыс Қалиден, тілші: 

- Атышулы іске қатысты сот процесі қатысушылардың құқығын түсіндіріп, талап тілегін тыңдаудан басталды. Осыны пайдаланған қос тараптың қорғаушылары істі Алматыдағы ЛА 72 мекемесінде өткізуді сұрады. Бірақ өтініш қанағаттандырылмады. Бұдан кейін қорғаушылардың бірі айыптау актісімен толықтай танысу қажеттігін айтты. Соған сәйкес, прокурорлар атышулы істің басынан аяғына дейінгі оқиғалар тізбегін түгел баяндады. Екі сағатқа созылған баяндама барысында бірқатар фактілер белгілі болды. Мәселен, алғаш рет ресми түрде Ш. Полаттың қайтыс болу себебі ашық айтылды. 

Дана Сәрсенбай, Жетісу облыстық прокуратурасының прокуроры

- Қылмысқа күдікті ретінде 9 адам танылып отыр. Олардың төртеуі бұрын да істі болып, бас бостандығы шектелгені туралы мәлімет бар.  Ұсталғандардың екеуіне «адам өлтіру», «адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша, қалғандарына бұзақылық бабы және қылмысты хабарламағаны туралы іс қозғалды. Жәбірленушілердің құқығын 7 қорғаушы, айыпталушылардың мүддесін 8 адвокат қорғап жатыр.

Айта кетейік, сот ашық өтіп жатыр әрі хабар арнасының YouTube каналынан көруге болады.