Астанадағы дәмханалардың бірінде тамақтанған 20 адам уланып қалды. Оның 11-і бала. Ішек инфекциясына шалдыққан 9 ересек, 6 бала ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлердің айтуынша, 5 бала ауруханада ем қабылдап жатыр. Зертханалық сынамалар алынды. Дегенмен зерттеу нәтижелері әзірге дайын емес. Осы оқиға бойынша полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Індетке қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр .