Қостанайда тәрбиеші 16 жастағы мүгедек қызды үтікпен күйдірген

  • 109
  • 18.04.2025, 18:11

Қостанайда арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін балалар орталығында тәрбиеші 16 жастағы жасөпірімді үтікпен күйдірген. Мүгедек қыз баланың денесіндегі күйік іздерін медициналық қызметкер байқап қалған. Ол бірден тәрбиеленушіні ауруханаға жіберіпті. Оқиға жария болысымен балалар орталығында қызметтік тексеріс жүргізілді. Соның қорытындысы бойынша, мекеме директоры мен 2 тәрбиеші, санитар жұмыстан шығарылды. Қалғандары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал полиция қылмыстық іс қозғады. Заң бойынша күдікті 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Әлия Мекебаева, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

- Бейнебақылау камерасына тәрбиеші баланың артынан үтікті жасырып келе жатқаны түсіп қалған. Мұндай әрекетке баруына отбасындағы мәселелер себеп болды деп ақталған.  Дәрігерлер баланы ауруханаға жатқызған жоқ, жарасына жағатын дәрі жазып берді. Қазір онымен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.